Қазақстан жемқорлыққа қарсы барлық заңдарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруде
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазақстан БҰҰ жемқорлыққа қарсы конвенциясын бекітті. Қазіргі таңда барлық заңдарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруде. Сондай-ақ жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесін таныстыруда белсенді түрде халықаралық ынтымақтастық жүргізуде. Бұл бағытта елде аз жұмыс жасалған жоқ", дейді ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Андрей Лукин. Оның айтуынша, Үйлестіру кеңесінің бұл отырысында жалпы жедел іздестіру шараларын жүргізуді талқылап, бірлескен келісімді қабылдау жоспарланып отыр. Оған қатысушылар алғашқы кезекте жедел тергеу бөлімдерінің жұмыс тетіктері мен әрбір елдің құқықтық базаларды жетілдіріп халықаралық нормаларға сәйкестендірудің қажеттігін атап өтуде.