Қазақстан жемқорлықпен күресті Еуропа органдарымен бірге жүргізбек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық делегация Стокгольмдегі (Швеция) EPAC (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша еуропалық серіктестер) 19-шы конференциясына қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар EACN сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі байланыс орталықтарының Еуропалық желісінің отырысы өтті.
ЕРАС / EACN — бұл, ең алдымен, ынтымақтастықты нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тәжірибе алмасу, өзара-құқықтық көмек көрсету мақсатында Еуропаның жетекші сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарын біріктіретін жоғары кәсіби стандарттар.
Бүгінгі таңда бұл ұйымдар Еуропа Кеңесіне мүше елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы 50-ден астам ведомстволарын біріктіреді.
ЕРАС / EACN мүшелері болып Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы, Британдық Ұлттық қылмыстық агенттік, Австрияның Федералды сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы, Францияның сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөніндегі орталық қызметі, Польшаның орталық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы және т.б. табылады.
Қазақстан конференция жұмысына шақырылғандар тарапы ретінде қатысты.