Қазақстан Женевада Адам құқықтары жөніндегі ұлттық баяндаманы сәтті бекітті

ҚР Әділет министрінің орынбасары Эльвира Әзімова бастаған делегация Кеңес мүшелеріне 2014 жылғы қазанда өткен Шолу аясында Ұлттық баяндамамызды қорғаудан бергі мерзімдегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жаңартылған ақпаратты ұсынды. Еліміз Әмбебап кезеңдік шолу шеңберінде қабылдаған ұсыныстарды, оның ішінде адам құқықтарын қорғау және ілгерілету жөніндегі барлық халықаралық инструменттерге қосылу бойынша ұсынысты жүзеге асыру бойынша үдемелі жұмыс атқаруда.
Атап айтқанда, 2015 жылғы ақпанда Қазақстан Мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияны ресімдеді. Адам құқықтары саласында 2020 жылға дейінгі екінші ұлттық іс-шаралар жоспарының тұжырымдық негізін жасау нақты әрекеттер қолға алынуп келеді. Теңдесі жоқ институт - Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің арқасында елімізде ұлтаралық және конфессияаралық келісім қалыптасқан. Үстіміздегі жылғы 10-11 маусымда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының V съезі Қазақстан Республикасының дінаралық диалогты ілгерілету және дамыту бойынша дүниежүзілік үдеріске қосып келе жатқан елеулі үлесі екені мойындалып отыр.
Сонымен қатар, ҚР Әділет министрінің орынбасары бейбітшілік, тұрақтылық және ел бірлігі қазақстандық қоғамның берекелі болуының негізі болып қала беретіні туралы хабарлады. Елбасымыздың «Нұрлы жол» Қазақстан халқына жолдауында еліміз дамуының басымдықтары ретінде әлемнің адамдардың қауіпсіз және жайлы өмір сүруі қамтамасыз етілген елін құру анықталған. Осы ретте, маңызды қадамдардың бірі «ашық Үкімет» механизмін нығайту, оның ішінде ашық ақпаратқа қол жеткізу туралы заңды әзірлеу мен қабылдау, сондай-ақ азаматтық қоғамның өзін-өзі реттеу қағидаттарын күшейту болмақ.
ҚР делегациясы басшысының баяндамасынан кейін болған интерактивті диалог барысында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүше және байқаушы мемлекеттер, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар Қазақстандағы этносаралық және дінаралық келісімді сақтаудағы заңнамалық, сот және әкімшілік іс-шараларды дамытудағы үдемелі прогресті, сондай-ақ заң үстемдігі қағидаттарының жүзеге асырылуын атап өтті.