Қазақстан жолдарының бойына интернет тарататын 473 антенна орнатылады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Jibek Joly арнасына берген сұхбатында елдегі жолдарды интернетпен қалай жабдықтайтынын айтты, деп хабарлайды Kazinform.
«Мысалы, қазір Қарағанды қаласында шағын аудандар бар. Су ағызсаң, сапасы нашар. Бірақ тұрғындар сол суға ақша төлеп жатыр ғой. Енді осындай заңсыздық бар», - деді Бағдат Мусин.
Оның мәліметінше, соған қарамастан сумен жабдықтаушы ұйымдар тарифті көтерген.
«Қолжетімді интернет» аясында қолға алынған екінші шара – автотрассалардағы интернет. Ол да Президенттің Жолдауында айтылған тапсырма. Қателеспесем, біз тасжолдарда 473 антенна-мачталық құрылғы орнатамыз. 30.50 және 70 метрлік осындай құрылғылар бар. Осындай антеннаның 473-ін орнатамыз. Оған 60 млрд теңге кетеді. Біз ол қаражатты министрлік арқылы облыс әкімдіктеріне беріп жатырмыз. Әкімдіктер сол қаражаттың арқасында тасжолдардың бойында тиісті антенналар орнатады. Бірақ ол антеннаны орнатумен шаруа бітпейді. Осы антенналарға қажет базалық стансалар қою керек. Ол енді операторлардың жұмысы. Сондай бір мәмлеге келдік», - деді министр.