Қазақстан жөнелткен гуманитарлық көмек Душанбеге жетті

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Қазақстандық гуманитарлық көмекті тәжік тарапына ресми тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан жөнелткен гуманитарлық көмек Душанбеге жетті

Қазақстандық ұн барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып темір жол арқылы жеткізілді.
Осы жүк куәлігін Қазақстанның Душанбедегі Елшісі Асқар Тәжібаев Тәжікстан Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі директорының орынбасары Сохибджон Зиёдуллоевке тапсырды.


фото:pressa.tj