Қазақстан ЖОО-ның 15 басшысы Францияда іссапармен болып қайтады - Жак-Люк Ито-Пажес

АЛМАТЫ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - ҚР Білім вице-министрі және Жоғары білім беру департаментінің директоры бастаған еліміздің жетекші 15 ЖОО-ның ректорларынан тұратын делегация маусым айының 21-і мен 23-і аралығында Франция елінде іссапармен болып қайтады.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыға іссапармен келген Францияның КампюсФранс білім беру бағдарламасының менеджері Жак-Люк Ито-Пажес мырза мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сапардың бірінші күнінде Франция Президенті және біздің делегацияның қатысуымен конференция өтеді. Екінші қазақстандық делегация Франция Сыртқы істер министрлігінде болады, онда 88 елдің КампюсФранс әлемдік жүйе өкілдерімен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылайды. Ал, үшінші күні қонақтарды Франциядағы жоғары оқу орындарымен таныстыруды жоспарлап отырмыз. Бұл кездесу екі ел оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайта түседі деген сенімдемін», деді Жак-Люк Ито-Пажес.

Соңғы жаңалықтар