19:31, 28 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Қазақстан ЖСН/БСН-ге 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап көшеді
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жеке сәйкестендіру нөмірі мен бизнес сәйкестендіру нөміріне көшу 2013 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
Оның атап өтуінше, ЖСН/БСН-ге көшуге дайындық өте жоғары. Салық комитетінің мәліметтер қоры ЖСН/БСН-ге көшуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық мәліметтер базасы, банк жүйесі де дайын.
«2012 жылдың 1 қаңтарына жоспарланған ЖСН/БСН-ге көшу мекен-жайлар бойынша мәліметтер базасын өзектендіруге және халық арасында түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіз жүргізілгеніне байланысты сәйкестендіру нөмірлеріне көшу 2013 жылдың 1 қаңтарынан басталатын болады», - деді Б.Жәмішев.
Оның айтуынша, бүгін Парламент Сенатында тиісті заңнамалық актілер қабылданған.