Қазақстан жұлдыздары Жаңа жылды «Гавай аралында» атап өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның танымал жұлдыздары жаңажылдық корпоративті жағажайда өткізді.
«Гавай сауық кеші» стилінде ұйымдастырылған кеш Астанадағы «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында орналасқан Sky beach жағажайында өтті. Мерекеге Тамара Асар, Ләйлә Сұлтанқызы, Әлішер Кәрімов, Тәуекел Мүсілім, Ерке Есмахан және өзге де шоу-бизнес өкілдері барған.
Суға түсіп, волейбол ойнап, құм үстінде билеген Жаңа жылдағы жазғы демалыстардың суреттерін медиа тұлғалар әлеуметтік желілерге орналастыруда.
Кешті Қазақстандағы үздік event-агенттіктердің бірі Zhan alemi group ұйымдастырған, жетекшісі - Жан Мұқанов.
Вот такой вот у нас немного странный корпоратив. 🎄🌴🌴🌴🍍🍸🍷🍭🍾⛹⛹️♀️🏅⛵️🛳🏝🏖🏜🎆🎇🌠#zhanalemigroup2016 #astana #kazakhstan