Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесі арнайы қаулымен бекітілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекіту жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесі арнайы қаулымен бекітілмек

«Үкіметке арнайы қаулымен Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекіту жөнінде тапсырма бердім. Бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ», - деп жазады Президент өзінің twitter парақшасында.