Қазақстан жыл сайын өз азаматтарын шетелде емдеу үшін 500 млн.-нан астам теңге бөлуде

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан жыл сайын өз азаматтарын шетелде емдеу үшін 500 миллионнан астам теңге бөлуде. Бұл туралы бүгін елордада VI Астана экономикалық форумы аясында өткен «Ұлттық саясат. Денсаулық сақтауды әлеуметтік жаңғырту» сессиясында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов айтты.
None
None

Оның атап өтуінше, шетелдік емханаларды емдеуді қажет ететін ауру түрлері күрт қысқарған. «Ертеректе біздер ол жаққа 20-дан астам ауру түрлері бойынша науқастар жіберетін едік. Қазіргі таңда 8 ауру түріне шалдыққандарды ғана жібереміз. Олар: жілік майын ауыстыру, аққан ауруынан емдеу, тамақ және кеңірдек аурулары және пластикалық ота. Сондықтан да сома ұлғайған жоқ, ал аурулар саны керісінше өсті», - деді ол.

Е.Байжүнісовтің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан Оңтүстік Корея, Австрия және Ресейдің емханаларымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар