Қазақстан зымыран шабуылы мен ғарыш кеңістігінің жағдайы туралы ақпарат алатын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Ресей Федерациясымен бірігіп Балқаш Торабын пайдалану туралы уағдаластық аясында зымыран шабуылы мен ғарыш кеңістігі туралы бақылау құрылымынан ескерту құралы арқылы ақпарат алатын болады.
None
None

Бұл туралы ҚР ҚМ баспасөз қызметі хабарлады. Балқаш Торабы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қазақстандық Балқаш Торабында ресейлік зымыран шабуылын ескерту жүйесін беру мен әрі қарай пайдалану жағдайы туралы екі ел өкілдері арасындағы уағдаластыққа 2014 жылдың 2 желтоқсанында қол қойылған болатын. Уағдаластықтың мақсаты Қазақстан аумағында орналасқан қазақстандық Балқаш Торабын беру және әрі қарай пайдаланудың жаңа жағдайларын айқындау болып табылады. Сонымен бірге Ресей Федерациясы ҚР мемлекеттік және әскери басқару пунктеріне зымыран шабуылы мен ғарыш кеңістігін бақылау жүйесі туралы ескерту құралынан ақпарат беріп отырады. Бұл ақпарат зымыранның ұшу уақыты, ауданы, ұшырылуы мен құлауы, зымыранның баллистикалық траекториясы, сондай-ақ біздің ғарыш аппараттарының ғарыш объектілеріне жақындау қаупі, жанатын ғарыш нысандарының ҚР үшін қауіп тудыратын аудандарға түсуі туралы, ҚР аумағында шетел ғарыштық барлау аппараттарының ұшуы туралы мәліметтермен қоса ғарыш кеңістігіндегі жағдай туралы ақпараттар. Бұдан кейін Балқаш Торабын бірге пайдалану және қазақстандық әскери қызметшілерді оқытуды ұйымдастыру кезеңдеріне біртіндеп өту жоспарланған. Бұдан өзге ресейлік жақ пайдаланған жер учаскесінің (4 мың гектардан аспайтын) шекарасын айтарлықтай қысқарту қарастырылған. Уағдаластықты бекіту екі мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтып, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар