13:53, 17 Наурыз 2014 | GMT +5
Қазақстанда 1,5 млн. мемқызметкерлердiң жалақысы жоғарылайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәуiр айынан бастап Қазақстанда 1,5 млн. мемлекеттiк қызметкердiң жалақылары жоғарылайды. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлiм еттi.
"Жалақыларды жоғарылату екi кезеңмен iске асады. Бiрiншi кезең - 2014 жылдың 1 сәуiрiнде, екiншiсi - 2015 жылдың 1 шiлдесiнде өткiзiледi", - деп атап өттi министр.
"Бiрiншi кезеңде азаматтық қызметкерлердiң жалақыларын 10 пайызға көтеремiз. Бұл азаматтық қызметкерлер, бiлiктiлiгi жоқ және штаттан тыс қызметкерлерге жасалады. Олардың саны 1,5 млн. адамға жетiп отыр. Аталмыш жоғарылатуларға қосымша 63,4 млрд тенге қаражат бөлу қажет", - дедi Т. Дүйсенова. Оның атап көрсеткенiндей, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерiнiң жалақылары - 36 пайызға, бiлiм - 40 пайызға, әлеуметтiк және мәдениет саласының қызметкерлерiне жалақы 52 пайызға жоғарылатылады.