09:24, 07 Шілде 2022 | GMT +6
Қазақстанда 1 734 науқас коронавирустан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 7 шілдедегі ақпаратты жариялады.
Соңғы мәлімет бойынша, 1 734 адам коронавирус инфекциясынан (1 677+ және 57 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 263 пациент стационарда, 1 471 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ шалдыққандар арасында 12 адамның жағдайы ауыр .