Қазақстанда 1 мамырда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 1 мамыр күні өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

Қазақстанда 1 мамырда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА

Сағат 11:00-де «Қазақ Елі» монументі алдындағы алаңда Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған «Рухани жаңғыру  бірлік пен тұтастық негізі» атты театрландырылған қойылым өтеді.

Сағат 13.00-де Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Достық шеруі» атты велошеру өтеді.

Сағат 15:00-де «Бәйтерек» монументі алдында «Ұлы дала үні» атты домбыра-флешмоб ұйымдастырылады. 500-ге тарта күйші аталған шарада Құрманғазының «Сарыарқа» күйін орындайды.

АЛМАТЫ

Сағат 10:00-де Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай Республика сарайының алдында мерекелік серуен өткізіледі.

Сағат 11:00-де Абай алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен музыкалық бағдарлама басталады.

Сағат 17:00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен жыл сайын ұйымдастырылатын «Алматы Барысы - 2018» турнирі басталады. Биыл жыл сайынғы қалалық турнирде аудандық сайыстардан іріктелген кіл мықты балуандар өзара бақ сынасады.

Сағат 18:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Алматы энергетика және байланыс университетінің бірінші ректоры Құмарбек Дәукеевтің атындағы «MUZENERGY» атты поэтика мен ән шығармашылығының V ашық фестивалі өткізіледі.