Қазақстанда 1 маусымнан бастап «Скутер» акциясы басталды
«Ол жоғары жылдамдықты, серуендік, спорттық және басқа да шағын көлемді кемелерді жұртшылықтың жаппай демалу орындарында қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз етуге бағытталған», - делінген хабарламада.
Аталған шара елімізде жылда өткізіліп, суға шомылу маусымы бойына созылады. Акция кезінде көліктік бақылау инспециясының мамандары су қоймалары аумақтарында адамдар демалатын орындарда кеме иелерінің қажетті кеме құжаттары мен құтқару құралдары болуын тексеруге арналған рейдтер жүргізеді.
Қазіргі кезде елімізде тіркелген шағын көлемді кемелердің саны - 28 555. Оларды пайдалану барысындағы негізгі бұзушылықтар қатарында кеме иелерінің кемелерді қауіпсіз қолдану талаптарын сақтамауы, белгіленген тәртіп бойынша тіркелмеген және техникалық куәландырудан өтпеген кемелерді қолдануы кездеседі.