Қазақстанда 1 наурызда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанның өңір-өңірлерінде 1 наурыз күні өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

Қазақстанда 1 наурызда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА

Сағат 09:00-де ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Астана қаласындағы «Локомотив құрастыру зауытының» ұжымымен кездеседі. Жүздесу барысында кәсіподақтар жұмысы мен кәсіпорындардағы еңбекті қорғау өндірістік кеңесін құру бойынша түсіндірме жүргізіледі. Шараның өтетін орны - Абай көшесі 38.

Сағат 09:30-да «Думан» қонақ үйінде Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникаларының қазіргі жағдайы, техника сатып алуда қаржылық қолжетімділікті арттыру және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің техниканы сатып алуы кезінде кедергілерді жою тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 10:00-де Парламент Сенатының отырысы басталады.

Сағат 11:00-де Парламент Мәжілісінде «Төтенше жағдайлардан ескерту мен оларды жою бойынша мемлекеттік жүйенің дамытудың қазіргі күйі мен келешегі» атты дөңгелек үстел басталады.

Сағат 11:00-де Астана қалалық ТЖД Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күніне орай концерттік бағдарламамен бірге салтанатты шара өткізеді. Шара Оқушылар сарайында ұйымдастырылады.

Сағат 14:40-та Бейбітшілік және Келісім сарайында ҚР Мемлекеттік Хатшысы Г.Н.Әбдіхалықованың қатысуымен «Алғыс айту күніне» орай Қазақстан халқы Ассамблеясының салтанатты шарасы басталады.

АЛМАТЫ

Сағат 08:30-да «Ақ бұлақ» саяжайында еліміздің құқыққ қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша жетінші жыл сайынғы халықараық ғылыми-тәжірибелік конференция басталады.

Сағат 10:00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Алғыс айту күніне орай ашық есік күндері басталады. Ашық есік күндері аясында жастар флеш-мобы мен «Алғысым шексіз - халқыма» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады.

Сағат 11:00-де Достық үйінде Алғыс айту күніне орай «Қазақстан - бірлік пен татулықтың мекені» атты шара өткізіледі. Шара аясында концерттік бағдарлама ұсынылып, қолөнер туындыларының көрмесі мен Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерінің ұлттық аспаздық өнерінің көрмесі өтеді.

Сағат 11:00-де Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» енген Заир Азизовпен студенттердің кездесуі өтеді.

Сағат 12:00-де «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде қазақстандық спорттық делегацияны Пхенчан қаласында өтетін XII Паралимпиада ойындарына шығарып салу рәсімі өтеді.

Сағат 19:00-де Мега паркте «MUZENERGY-2018» студенттік фестивалінің «#ME_fest» мерекелік концерті өтеді. Шара Алғыс айту күніне арналған.

Сағат 19:00-де «Арман» кино орталығында «Бауыр» фильмінің көрсетілімі басталады. Туынды қазақ тілінде орыс субтитрлерімен көрсетіледі. Фильмнің режиссері - Серік Апрымов.

ШЫМКЕНТ

Сағат 11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Шымкент»ӘКК»ҰК» АҚ  басқарма төрағасы А.Алдажаров  2017 жылдың  қорытындысы мен 2018 жылға  межеленген жоспарлар бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді. Өтетін орны: Әкімшілік іскерлік орталық, 16-қабат.

Сағат 11:00-де Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында (Шымкент қаласы Түркістан көшесі № 87 үйде орналасқан) өтетін «Электронды сот  төрелігіндегі» жаңашылдықтармен БАҚ өкілдерін практика жүзінде (көрнекі түрде) таныстыруға арналған пресс-тур ұйымдастырылады.

Сағат 16.30-да Әл-Фараби алаңы, «Шымкент Плаза» сауда орталығында Азаматтық қорғаныс халықаралық ұйымының Бас Ассамблеясының ІХ бұрыштамасына сәйкес «Дүниежүзiлiк Азаматтық қорғау» күнi аталып өтедi. Сауда орталығында халықтың арасында азаматтық қорғау саласындағы қарапайым қағидаларды түсіндіру жұмыстары практикалық тұрғыдан көрсетіледі. Іс-шараға ОҚО ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағы, апаттар медицина орталығының мамандары, өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері қатысады.

АҚТӨБЕ

Сағат 15.00-де «Қазақ халқына мың алғыс» монументі алаңында Алғыс айту күніне арналған салтанатты мерекелік шара өтеді.

Сағат 11.00-де Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Халықаралық және қалааралық жолаушылар автобустарына жүргізілген рейд шаралары, республикалық маңызы бар жолдардың жағдайы,  жол құрылысы, жол салу және жөндеу жұмыстары» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

КӨКШЕТАУ

Сағат 11:00-де : Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де (Достық үйі) Алғыс айту күнін тойлауға арналған салтанатты іс-шара өтеді.