Қазақстанда 1 тамыз күні өтетін маңызды оқиғаларға шолу
НҰР-СҰЛТАН
Сағат 10.00-де Тәуелсіздік сарайында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Жанұялар форумын өткізеді.
Сағат 11.00-де «Үкімет үйінде» «Қазақстан Респубилкасының Машина жасауды дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған жол картасы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
Сағат 16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа оқу жылына дайындық барысына арналған баспасөз конференциясы басталады. Спикер – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
АЛМАТЫ
Сағат 11.00-де Гүлдала кентінде Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы аз қамтылған 8 жанұяға жаңа салынған үйлердің кілтін табыстайды.
Сағат 12.00-де «Business Hotel Almaty» қонақүйінде триатлоннан Азия Кубогына арналған баспасөз конференциясы өтеді. Аталмыш жарыс Алматы қаласында осымен екінші рет өткелі отыр.