Қазақстанда 10 млн. адам Интернетке мобильді құрылғылар арқылы жүгінеді

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда 10 млн. адам Интернетті мобильді құрылғылар арқылы пайдаланады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
None
None

«Бүгінде мобильді технологиялар арқылы интернет пайдаланушы абоненттердің саны 10 миллионға жетіп отыр. Бұл өз кезегінде «электрондық үкіметті» мобильдік құрылғылар (ұялы телефондар, планшеттер, смартфондар) арқылы танытуда өте маңызды»,-деп нақтылады министр.

Осы орайда ол бұл көрсеткіштер мобильдік құрылғылар үшін «электрондық үкіметтің» «мобильді үкімет» нұсқасын құруға себепші екенін жеткізді.

«Біз аталған нұсқаны 2012 жылғы 23 желтоқсанда Елбасына таныстырдық. Қазіргі кезде барлық көзде барлық электронды қызметтерді бұндай мобильдік бағытқа толығымен көшіру жоспарланып отыр. Бұл халық арасында «электрондық үкіметті» барынша таратуға ықпал етеді»,-деді А. Жұмағалиев.

Соңғы жаңалықтар