Қазақстанда 10 мыңдай адам КСРО-ның төлқұжатымен жүр

АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары комиссиясы шығарған «Қазақстан Республи­касындағы оралмандар, азаматтығы жоқ адамдар мен босқындар құқықтарының ахуалы туралы» арнайы баяндама Қазақстанда бұрынғы КСРО төлқұжаты­мен жүрген азаматтардың бар екендігін көрсетті.

Қазақстанда 10 мыңдай адам КСРО-ның төлқұжатымен жүр

Ресми мәліметке сәйкес, 2011 жылы Қа­зақ­стан­да 7872 азаматтығы жоқ адам тіркелген. Олардың ішінде ТМД елдерінен келген 7467 және шетелден шыққан 405 адам бар. «9700 адамның азамат­тығы әлі анық емес. Олар әлі күнге дейін бұрынғы КСРО-ның төлқұжатымен жүр», - делінген баяндамада.

Ал босқындар санына келер болсақ, 2011 жылы олар 559 адам немесе 207 отбасыны құраған. Олардың ішінде 313 тәжік, 115 пуштун,  80 хазар, 35 өзбек және 16 өз­ге ұлт өкілі бар.