Қазақстанда 10 жылда «В» гепатитімен сырқаттану 19 еседен астам көрсеткішке төмендеді - ҚР ДСӘДМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 10 жылда «В» гепатитімен сырқаттану 19 еседен астам көрсеткішке төмендеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі. Бұл туралы Үкіметтің primeminister.kz сайтында хабарланды.
None
None

«Қазақстанда 1998 жылдан балаларға туылған күннен бастап, (1 жасқа дейін 3 мөлшерден), медициналық қызметкерлер мен қан ауыстыруды қабылдаған адамдар үшін «В» гепатитіне қарсы вакциналау енгізілген болатын. Қабылданған шаралардың нәтижесінде «В» жіті жұқпалы гепатитімен сырқаттану 19,8 есеге (2005 жылғы 100 мың тұрғынға шаққанда 65,6 көрсеткіштен 2015 жылы 3,3-ке) азайды», - делінген ведомство хабарламасында.

ҚР ДСӘДМ-де айтып өйткендей, 2011 жылдан бастап, «В» және «С» созылмалы гепатиттерімен ауыратын азаматтар республикалық бюджеттің есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында вирусқа қарсы терапия қабылдап келеді. 2011 және 2015 жылдар аралығында вирусқа қарсы терапияға 15 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді (балаларды емдеуге - 2,05 млрд.теңге, ересек азаматтарды емдеуге - 12,9 млрд. теңге).
Созылмалы вирустық гепатиттермен ауыратын пациенттерді тексеру мен емдеу 16 гепатологиялық орталықта жүргізіледі. 2013 жылы ҚР ДСӘДМ барлық гепотологиялық орталықтарды вирустық гепатиттің ауырлық деңгейін анықтау үшін (фиброз деңгейі) бауырды фиброскандау құрылғыларымен жабдықтады.
Естеріңізге сала кетейік, «В» және «С» вирусты гепатиттері Әлеуметтік мәні бар және қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулар тізіміне жатады. Тізімге сай «В» және «С» вирусты гепатиттерін тексеру мен емдеу тегін жүргізіледі.

Ауруды анықтау және індеттің таралу қаупін азайту мақсатында азаматтарды стационарларға госпитализациялау кезінде (жоспарлы ота жасау кезінде; гемодиализ, гемотология, онкология, трансплантация, жүрек-қантамыр және өкпе хирургиялары бөлімдері мен орталықтарының пациенттеріне) және медициналық қызметкерлерді «В» және «С» жүқпалы вирустарының маркерлеріне тексеру жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар