Қазақстанда 10 жылдан кейін газ тапшылығы сезілуі мүмкін - Үкімет отырысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде 2024 жылға қарай газ тапшылығы туындауы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

Қазақстанда 10 жылдан кейін газ тапшылығы сезілуі мүмкін - Үкімет отырысы

Оның сөзіне қарағанда, бұған газды кері айдау көлемінің артуы себеп болуда. Атап айтқанда, Қазақстанда өндірілетін газдың 90 пайызы ілеспе газ болып табылады. Мұнай-газ кен орындарынан бастапқыда сұйық франциялар өндіріледі. Қазіргі кезде өндірілетін мұнайдың ілеспе газының бір бөлігі, яғни шамамен 30 пайыз жер қабатындағы қысымды сақтау үшін кері айдалады.