Қазақстанда 100 мыңға жуық адам әскери есепке алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда тиісті қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдер арқылы жергілікті атқару органдары орындаған 1999 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу аяқталды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. .

2016 жылғы қаңтар мен наурыз аралығында Қазақстан бойынша шақыру учаскелеріне 1999 жылы туылған 100 мыңға жуық азамат тіркелді. Тіркеу бозбалаларды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін, білім деңгейін, алған мамандығын және дене даярлығын айқындау үшін өткізіледі.

Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға арналған мектеп-интернаттарының шәкірттеріне, сондай-ақ көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, әсіресе, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусына ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсуге 2 000-дай адам ниет білдіріп отыр.

Азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша медициналық комиссиялар құрылғанын атап өткен жөн.

Сондай-ақ қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдер азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу процесінде ем алуға (медициналық бақылауға) мұқтаж шақырылушыларды айқындап, емдеу-алдын алу ұйымдарына, денсаулық жағдайы және өзге де мәліметтер бойынша жарамдыларды Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарына және оқуға түсуге ниет білдіргендерді әскери оқу орындарына тіркеді.

Әскери есепке алғаш рет тұрған қазақстандықтармен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына түсу бойынша жұмыс жүргізілді.

Еске сала кетейік, келесі кезең ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Қазақстанда бастау алатын әскерге шақыру науқаны болмақ.

Соңғы жаңалықтар
telegram