Қазақстанда «100kadam.kz» сайты ашылды

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалды реформасы мен нақты 100 қадамды жүзеге асыру жөнінде толық ақпарат беру үшін «100kadam.kz» сайтын əзірледік. Бұл сайт - Инвестициялар жəне даму министрлігі Ақпарат, байланыс жəне ақпараттандыру комитеті, «ҚазКонтент» АҚ жəне «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлесе жүзеге асырған жобасы.
Сайт қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде ақпарат таратады. Порталдың ерекшелігі - жүз нақты қадам бір сайтта орналастырылған. Сайттағы ақпарат негізгі бес бөлімнен тұрады, яғни, өзімізге мəлім бес интитуционалды реформа. Атап айтсақ, сайт кəсіби мемлекеттік ақпарат құру; заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру мен экономикалық өсім; біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру деген бөлімдерден тұрады. Сəйкесінше, əрбір бөлімнің ішіне сол тақырыпты қамтитын қадамдар орналасқан. Сайттағы тағы бір орталық функционалды бөлім - ол жаңалықтар. Яғни, 100 қадамға қатысты республика бойынша өтіп жатқан іс-шаралар, аймақтық жəне республика деңгейіндегі ақпарттарды - жаңалықтар бөліміне шоғырландырдық»,-деді Ж.Чулаков.
Ал, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бағлан Бекбауовтың айтуынша, сайттың жиырма төрт сағат, аптасына жеті күн мониторинг жасайтын арнайы диспетчерлері бар.
«Бұл сайтты жасаған кездегі басты мақсатымыз - 100kadam.kz сайтының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды. Сондықтан, біз аса ірі ең жаңа технологияларды пайдалана отырып, біздің контентті жөндеу, серверлік инфрақұрылым құру және арнайы мемлекеттік техникалық қызмет көрсететін органдармен бірлесе отырып қауіпсіздігі қарастырылды. Сайтты әзірлеген кезде серверлік инфрақұрылымға орнаттық. Оның мәні егер ертеңгі серверлік инфрақұрылымның күші жетпей бара жатса немесе сайттың көлемі артса, сол кезде кез келген сәтте еш қиындықсыз серверлерді ауыстырмай-ақ осы сайтты жаңаша көтеруге қол жеткізіліп отыр. Сонымен қатар, жиырма төрт сағат, аптасына жеті күн мониторинг жасайтын арнайы диспетчерлер бар. Желіде қолайсыз жағдай туындаса, міндетті түрде қолға алынып, тез арада жөнделеді», - деді Бағлан Бекбауов.