20:54, 10 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақстанда 11 қазанда күн ашық әрі жылы болады - ауа райы болжамы
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - 11 қазанда Қазақстанның басым аумағында антициклонның ықпалы сақталады, соған байланысты күн ашық әрі жылы болады деп күтілуде, деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Ақтөбе, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде және таңертең тұманды болуы мүмкін.
Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысы мен орталығында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Алдағы тәуліктерде Сырдария өзенінде, Қапшағай су қоймасынан жоғары Іле өзенінде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.