Қазақстанда 11 мыңдай адам маусымдық тұмауға қарсы егілді - Мемлекеттік санэпидемиологиялық қадағалау комитеті
АСТАНА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Қазақстанда қазанның 1-індегі жағдай бойынша 10,8 мың адам маусымдық тұмауға қарсы егілді.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санэпидемиологиялық қадағалау комитетінен хабарлады.
Комитеттен мәлім еткендей, биыл маусымдық тұмауға қарсы вакцина сатып алуға жергілікті бюджеттен 365,8 миллион теңге бөлінген.
Атырау және Жамбыл облыстарынан басқа барлық өңірде маусымдық тұмауға қарсы иммунизациялау басталды. Аталған екі облысқа вакциналар кестеге сәйкес қазан айында жеткізіледі, деп түсіндірді комитеттен. Оған қоса, барлық аймақта тұмауға қарсы заттардың, оның ішінде маскалар мен оксолин мазының қоры жасалуда.