Қазақстанда 11 мыңнан астам жол белгісі орнатылмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жол жабынында қысқы кезең мен көктемгі су тасқынынан кейін пайда болған ақауларды жоюға бағытталған кешенді мақсатты бағдарлама бекітілді. Оның аясындағы жұмыстар көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуді көздейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Бағдарлама шеңберінде ел жолдарының бойында 11500-ге жуық жол белгісі мен шақырымдық белгінің 2500-ден астамы, 683 ақпараттық панно, сондай-ақ 28 мың дабыл бағанасы орнатылмақ.
Республикалық маңызы бар жолдардың 600 мың шаршы метріне ағымдық жөндеу жүргізу жоспарланды. Атап айтқанда, шұңқырларды жөндеу (474 мың м2), жолды тегістеу (93 мың м2), бойлық және көлденең деформациялық жіктерді жою (6 284 мың п.м). Сондай-ақ, 672 мың шаршы метр жолда жарықтарды бітеледі.
Сонымен қатар, 4 мың шаршы метрден астам жолға шу жолақтары орнатылады. Шамамен 406 жол буфері, 141 мыңнан астам катафот және 32 жарықдиодты жол белгісі қойылмақ.
Республикалық жолдарда 63 мың метрге 168 қоршаулар мен автомобиль павильондарын, демалыс алаңдарын құру және жөндеу жоспарланып отыр. Жалпы, жолшылар биыл 15 бағытты қамтитын болады.
Бұдан бұрын республикалық жолдардағы 672 421 метр жарықшалар жойылатыны хабарланған.