Қазақстанда 124 мың сырқат коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 21 қаңтардағы ақпарат мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда 124 мың сырқат коронавирустан емделіп жатыр

21 қаңтардағы мәлімет бойынша, 124 744 адам коронавирус инфекциясынан (–123 205+ және 1 539 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 8 929 пациент стационарда, 115 815 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

• 396 адамның жағдайы ауыр

• 88 пациенттің жағдайы өте ауыр

• 57 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.