Қазақстанда 13 қыркүйек күні болатын маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 13 қыркүйек күні болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

аңдатпа
Фото: Kazinform

АСТАНА

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді.

10:00-де Астананың бірнеше спорт ғимаратында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді.

10.30-да С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Platonus Lab зертханасының ашылу салтанаты өтеді.

11.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

12.00-де Қазақстан мен Дания құрамалары арасындағы «Дэвис кубогы» бірінші әлемдік тобы матчының ресми жеребесі өтеді.

20.00-де «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі әртіс Димаш Құдайбергеннің STRANGER туры аясында жеке концерті өтеді.