Қазақстанда 13 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирустан 13 986 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 1003 бала бар. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Ондағы мәліметтерерге қарағанда, елдегі стационарларда 3 747 науқас жатыр, 10 239 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы науқастардың арасында 231 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 33 науқастың денсаулық жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр, 38 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр»,-делінген хабарламада.