Қазақстанда 134 еркек «декретте» болған

Маманның сөзіне қарағанда, келіншегі босанған соң оның орнына күйеуі жұмысынан демалыс алып, баламен үйінде отыруына болады. Бұл тіпті шешілмейтін мәселе емес және кәсіпорын немесе мекеме басшылары да дауласпауы керек. Заңның аты - заң, деп жазады «Айқын» газеті бүгінгі санында.
Жасыратыны жоқ, мұндай жағдай өте сирек кездесетін құбылыс. Алайда бала бағуды ұйғарған жігіттердің жолына бөгет болмау керек. Әйелі жалақысы жоғары жерде жұмыс істейтін ерлердің бір бөлігі осы жолды таңдайды екен. Бір қарағанда, бұл да жақсы құбылыс. Әйтпесе шақалақтарын бала бағушыларға қалдырып, қызмет қуып кететіндер қаншама?!
Бала күтімі үшін айлық әлеуметтік төлем нәресте бір жасқа толғанша, еркектің жұмыс орнынан төленеді. Ол да жалақыға тікелей байланысты. Демек, бала күтемін деген жігіттерге жол ашық.