Қазақстанда 14 фармацевтикалық кәсіпорын салынады

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Индустрияландыру бағдарламасының аясында Қазақстанда 2010-2011 жылдары 12 жаңа кәсіпорын іске қосылып, 1,9 мың жұмыс орны құрылды.

Қазақстанда 14 фармацевтикалық кәсіпорын салынады

Алдағы уақытта тағы 14 фармацевтивалық кәсіпорын ашу жоспарлануда, деп хабарлады pm.kz сайты.

Үкімет дәрі-дәрмекке деген еліміздің ішкі сұранысының жартысын 2014 жылға дейін отандық кәсіпорындардың есебінен қамтамасыз ету туралы міндет қойып отыр. Қазіргі таңда елімізде тұтынылып отырған дәрілік заттардың үштен бірі - Қазақстанда жасалуда.