Қазақстанда 15 млн. астам га немесе 95,8% дәнді дақыл жиналды - АШМ
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанда үстіміздегі жылдың 16 қазанына ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер 15 млн. га астам дәнді дақылдарды жинады, ол еліміздің жинау алқаптарының 95,8% құрайды, деп Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап, primeminister.kz сайтынан хабарлады.
«Республиканың барлық өңірлерінде жаңа астықты жинау науқаны жүргізілуде. Ауыл шаруашылығының облыс басқармаларының мәліметтері бойынша үстіміздегі жылдың 16 қазанына ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер 15079,6 мың га жинаған, бұл облыстардың жинау алқаптарының 95,8 % құрайды», - делінген мәлімдемеде.
Бұдан өзге, жедел ақпарат бойынша бүгінгі таңда 20 млн. астам тонна астық тартылған, сондай-ақ орташа түсімділік бір гектардан 13,3 центнерді құрады. 2012 жылы түсімділік бір гектардан 8,4 центнер құрағанын айта кеткен жөн.
Сондай-ақ, астық жинау Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында толығымен аяқталған.