Қазақстанда 15 мыңнан астам өрт гидранты жарамсыз күйде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өртке қарсы сумен жабдықтаудың қанағаттанарлықсыз жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда 15 мыңнан астам өрт гидранты жарамсыз күйде

«Өртті сөндірудің сәттілігі су көздерінің болуына байланысты. Республика бойынша 15 мыңнан астам өрт гидранты жарамсыз күйде тұр. Биыл әкімдіктер екі мыңнан астамына (2 689) жөндеу жұмыстарын жүргізді. Алайда жыл сайын сумен жабдықтау жүйелерінің тозуына байланысты шамамен бір мыңы есептен шығарылады», - деп түсіндірді министр.

Осыған байланысты ол өңірлердің әкімдері жабдықтарды жұмыс жағдайына келтіру бойынша тиісті жұмыс жүргізуі қажеттігін атап өтті.

«Құрылыс барысында нысандар арасындағы белгіленген алшақтықтар сақталмайды, өрт техникасының өтуі үшін кіреберістер ескерілмейді. Бұл жағда үлкен алаңдарда өрттің пайда болу қауіп-қатеріне әкеп соғады», - деді Ю. Ильин.

Бүдан бұрын хабарланғандай, елімізде 10 мыңнан астам үйде өрт қауіпсіздігі қағидасы орындалмаған.