Қазақстанда 150 мыңға жуық медбике жұмыс істейді - министрлік

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттік және жекеменшік секторды қоса алғанда 150 мыңға тарта медбике қызмет етеді.
None
None

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл сайын 12 мамырда әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық медбикелер күні атап өтіледі. Медбикелер дүниежүзінде ең сыйлы кәсіптердің бірі саналады. Олар дәрігерлерге көмектесіп қана қоймай, науқастарды емдеуге, оңалтуға және аурулардың алдын алуға белсенді араласып, дерттерінен айығып кетуі үшін барынша қамқорлық жасайды.

Бір жылда республика бойынша орта есеппен 2,6 млн. адам стационарлық ем алады, 137 миллионы амбулаторлық-емханалық қабылдауда болады, жедел жәрдем қызметіне 6 миллионнан астам шақырту түседі. Бұл сандардан медбикелердің қызметі қаншалықты ауыр, жауапты және ізгілікті екендігін бағамдай беруге болады.

Соңғы жаңалықтар