Қазақстанда 156 мыңнан астам адам жұмысқа тұрғызылды

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 9 айында 156,1 мың адам жұмысқа тұрғызылды, бұл уәкілетті органдарға жүгінген барлық азаматтардың 54,9 пайызын құрайды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Оның ішінде, 10,5 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына тұрғызылса, 6,2 мың түлек жастар тәжірибесінен өтуге жіберілді.

Алматы мен Астана қалаларының және облыстардың жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының мәліметтері бойынша, 9 айда жұмыс мәселесі бойынша оларға  284 мың азамат жүгінген, оның ішінде 134,9 мың адам - ауылдық жердің тұрғындары.

«Ағымдағы жылдың III тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайыз төмендеп, 5,2 пайызды құрады. Сондай-ақ, экономикалық белсенді және жұмыспен қамтылған халықтың саны ұлғайды», - делінген министрліктің хабарламасында.

Атап айтқанда, 2012 жылдың III тоқсанында экономикалық белсенді халықтың саны, 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 97,5 мың адамға ұлғайды және 9,013 млн. адамды құрады, жұмыспен қамтылған адамдардың саны 8,54 млн. адамды құрады немесе 1,1 пайызға өсті.

Соңғы жаңалықтар