Қазақстанда 16-18 ақпанда қатты аяз болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 16-18 ақпанда қатты аяз болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
None
None

«Қазақстандағы ауа райын айқындайтын антициклон Ресейдің Еуропалық аумағынан оңтүстік-шығысқа қарай жылжыған циклонның қысымымен Алтайға қарай ығысады. Республиканың батыс және солтүстік-батыс облыстарындағы циклон әсерінен күн бұлыңғырланып, жауын-шашын болады, кей жерлерде бұрқасындатып, жел 15-25 м/с-қа жетеді. Көктайғақ орын алады. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашын болмайды. Тұман түсіп, солтүстік, орталық, шығыс облыстарда жер-жерлерде 28-33º дейін аяз болады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар