11:58, 18 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Қазақстанда 16,58 тонна астық бастырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2017 жылғы 18 қыркүйек жағдайы бойынша 16 млн 582,1 мың тонна астық бастырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметтеріне сәйкес, есеп күнінде ауыл шаруашылығының өндірісшілері 12 816,1 мың гектар алқаптағы егінді орған, бұл өңірлердегі астық жиналатын аумақтың 84,4 %-ын құрайды.
2016 жылдың сәйкес кезеңінде Қазақстанда 10 142,8 мың гектар, яғни облыстардың жалпы астық жиналатын аумақтың 66,8 %-ы орылып, 14 млн 873 мың тонна астық бастырылған болатын. Орташа өнімділік гектарына 14,7 центнерді құраған.
2017 жылы астық жиналатын аумақтар 15 176,5 мың гектарды құрайды, ал 2016 жылы 15 187,4 мың гектарға астық егілген еді.