Қазақстанда 16 маусымда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 15 маусымда өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

Қазақстанда 16 маусымда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА

Сағат 09:00-де «Астаналық» Орталық мәдениет және демалыс бағында «Алға басу -движение вперед» атты жалпы республикалық қайырымдылық жүгірісі өтеді.

Сағат 14:00-де Art&Food Pavilion-да «Біз осындамыз» заманауи өнердің көрмесі бойынша кураторлық экскурсиясы ұйымдастырылады.

Сағат 15.00-де «Жастар» театрында Астана қаласының 20 жылдығы аясында өткен VI Халықаралық «SAMGAU» театр фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау мен фестивалбдің жабылу салтанаты өтеді.

Сағат 15:00-де «Астаналық» Орталық мәдениет және демалыс бағында «Жазу және мәдениет славян күніне» арналған фестиваль ұйымдастырылады.

Маусымның 16-17 күндері «Дәулет» спорт кешенінде Астана қаласының 20 жылдығын атап өту аясында киокушинкай-кан каратэден Азия чемпионаты өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де Республикалық спорттық колледжде мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада өткізіледі. Сайыс шахмат, шағын футбол, волейбол, жеңіл атлетика (эстафета 4х100), үстел теннисі, армрестлинг, гір тасын көтеру мен арқан тартудан ұйымдастырылады.

Сағат 15.00-де «Қазақконцерт» залында Қазақстан «Филия» грек қоғамдастығы қауымдастығының 25 жылдығына арналған концерт болады.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН

16 маусым күні Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында Қазақ күресінен Ырғызбай Досқанаұлы атындағы әлемдік Гран-при сайысы өтеді. Бәсекеде Қазақстан спортшыларымен бірге әлемнің 22 елінің балуандары бақ сынасады. Сайыстың ашылу салтанаты сағат 11:00-де, ал турнир Орталық стадионда сағат 11:30-да басталады.