Қазақстанда 16 наурыз күні өтетін маңызды шараларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 16 наурыз күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.
АСТАНА
Сағат 9.30-де «Radisson Hotel Astana» қонақ үйінде «KazGrain 2018» Халықаралық конференциясы басталады.
Сағат 9.30-де «Ritz Carlton» қонақ үйінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының» ұйымдастыруымен Қазақстан-Өзбекстан елдерінің бірлескен туристік форумы басталады. Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев пен Өзбекстан Республикасының туризм бойынша Мемлектетік комитеттің төрағасы қатысады.
Сағат 10.00-де «Marriott Hotel» қонақ үйінде Астана хабы мемлекеттік қызмет саласында «Мемлекеттік қызметшілер еңбегінің өтем жүйесі: мемлекет аймақтарының тәжірибесі» халықаралық семинары өтеді.
Сағат 10.00-де Сенатта «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация - аймақтық дамудың институты» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Сағат 10.30-де ҚР Мемлекеттік Хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова Қазақстан Республикасындағы Италияның Төтенше және Өкілетті Елшісі С.Раваньянмен кездеседі.
Сағат 11.00-де «Rixos President Astana Hotel» қонақ үйінде Сирия мәселелері бойынша Астана процесіне қатысушы гарант елдердің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді.
Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен жауапты органдар жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас бойынша Үйлестіруші кеңестің отырысы өткізіледі.
Сағат 11.00-де Жоғарғы сотта Жоғарғы соттың жалпы отырысы басталады. Тақырып: ««Сот шешімі» туралы Жоғарғы соттың Нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу».
Сағат 11.00-де Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (мекенжайы: «Көктал-1» тұрғын алабы, Аққорған көшесі-2) Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Наурыз мерекесіне арналған жыл сайынғы дәстүрлі қайырымдылық іс-шарасы өткізіледі.
Сағат 11.20-да «Үкімет үйінде» ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізіледі. Онда Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында орталық және солтүстік аймақтарды газдандыру мәселесі туралы айтылады.
Сағат 12.00-де «Ibis Astana» қонақ үйінде Қазақстанда лотерейлік саланың толық қосылуы бойынша ақпараттарды жариялауға арналған баспасөз мәслихаты өткізіледі.
Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында дәстүрлі «Абай оқуларын» өткізеді.
Сағат 16.00-де Қазмедиа орталығында «ТҰМАР» ұлттық телевизиялық бәйгесінің қорытындысына арналған шара басталады.
Сағат 16.30-да «ParkInn» қонақ үйінде Қазақстан Республикасындағы психикалық денсаулық сақтау қызметінің реформасы, жүйке ауруларына шалдыққан адамдардың құқықтарын қорғау, стигманы еңсеру мен инклюзивті қоғам құру мәселелеріндегі жергілікті қоғамдастықтар мен мемлекеттік емес ұйымдардың рөлі жөніндегі баспасөз конференциясы өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 14.30-да Алматы қаласының Аймақтық коммуникациялар қызметінде Алматы қалалық Статистика департаментінің басшысы Бағлан Қарғұловтың қатысуымен «Алматы қаласының статистикалық мәліметтер бойынша әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізіледі.
Сағат 15.00-де Алматы қаласының Аймақтық коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаевтың қатысуымен «Алматы қаласында бұқаралық спортты дамытудың нақты 4 бағыты» тақырыбында баспасөз мәслихаты басталады.
Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдығына орай «Рухани жаңғырудағы ұлттық өнер» атты шығармашылық туындылардың көрмесі өтеді.
Сағат 17.00-де Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде франкофондық мемлекеттердің (Франция, Бельгия, Швейцария мен Марокко) Төтенше және Өкілетті Елшілерінің және музей директоры Гүлмира Шалабаеваның қатысуымен «Франкофон көктемі - 2018» мерекесіне арналған баспасөз туры өтеді.
Сағат 19:00-де «GRAND Меломан» кітап дүкенінде қазақстандық журналист Геннадий Бендицкийді еске алу құрметіне орай «Беспредел. Реальная история Казахстана в начале XXI века» атты журналисттің кітабының тұсаукесері өтеді.
ПЕТРОПАВЛ
Сағат 09:00-де Петропавл қаласының қалалық кеңесінің отырысы басталады. Онда бас бостандығынан айыру мекемесінен келген адамдарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланады.
Сағат 10:00-де Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов облыс әкімдігінде «Назарбаев зияткерлік мектебі» басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиновамен кездеседі.
Сағат 12:00-де облыстық тарихи-аймақтық музейде «Мұраларды сақтау» көрмесі ашылады.
ҚОСТАНАЙ
16 наурыз күніоблыс әкімі А.Мұхамбетов Рудный қаласына барады.
ОҚО
Сағат 15:00-де Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз орталығында (4-қабат, 400-каб.) облыстық соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі құрам жетекшісі Т.Смайлова, үйлестіруші-судьялары Б.Байдуллаев және В.Мирошников кейбір резононсты істер бойынша брифинг өткізеді.
МАҢҒЫСТАУ
Сағат 15:00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша азаматтық бастамашылдық конгресі өтеді.
ШҚО
Сағат 15:00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Рухани жаңғыру: «Абай» журнална - 100 жыл» тақырыбында жиын өтеді.
Сағат 16:00-де С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.А.Төлеген университеттің акт залында студенттермен кездеседі.