02:30, 16 Наурыз 2020 | GMT +5
Қазақстанда 16 наурызда жайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан қалаларына 16 наурыз күні ауаның ластануына ықпал ететін метеожағдайлар қалыптаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.