Қазақстанда 16 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу
НҰР-СҰЛТАН
10.00-де Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Келешекке кемел біліммен» тақырыбында Тамыз конференциясының пленарлық отырысы өтеді.
11.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ Қорында «Арыс қаласындағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
12.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Спорт күніне арналған салтанатты шара өтеді.
15.30-да Нұр-Сұлтан қаласында «ӘREKET» гранттар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
16.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінде «Өнердегі доп» көрмесі ашылады.
АЛМАТЫ
10.00-де Мемлекеттік қызмет істері бойынша департаменттің Ведомствоаралық жұмыс тобы «Электронды үкімет» порталындағы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін бақылау нәтижелері» тақырыбында отырыс өткізеді.
11.00-де Алматы кәсіпкерлер палатасы мектеп асханаларын жалдаудағы қарыз мәселесі бойынша жиын өткізеді.