19:37, 19 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақстанда 160-тан астам адамның инновациялық жобалары мемлекеттік гранттар арқылы қаржыландырылды
АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Инновациялық гранттар бағдарламасының жұмыс істеген екі жылында 160-тан астам қазақстандықтар өз жобаларының қаржыландырылуына мүмкіндік алды.
Бұл туралы бүгін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау бойынша семинарда ҚазАқпарат тілшісіне «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ-ның директоры Гүлнар Есенғазина айтты.
Инновациялық гранттарға қатысуға өтініш беру биылғы 1 қазаннан басталған. Дегенмен, Г. Есенғазинаның сөздерінше, бүгінгі күні тек 5 өтініш түскен. «Біздің ойымызша, өнертапқыштар мен кәсіпкерлер өздерінің бизнес-идеяларын тыңғылықты дайындап жатқан болар», - деп атап өтті ол.
Индустрия саласындағы өнертапқыштарды гранттармен демеу бағдарламасын ұлттық агенттік 2010 жылдан бері жүргізіп келе жатыр.