Қазақстанда 163 мыңнан астам мектеп бітіруші түлектер үшін соңғы қоңырау соғылады
АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Қазақстанда 25 мамыр күні 163 мың мектеп бітіруші түлек үшін соңғы қоңырау соғылады,
деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметттері бойынша, 2011 жылы жалпы білім беру мектептерін аяқтайтын 9-сынып түлектерінің саны 254 163, 11-сынып түлектерінің саны 163 921 баланы құрайды.
Сонымен қатар 2010-2011 оқу жылының қорытындысы бойынша 5041 оқушы «Алтын белгіге» үміткер (2010 жылы 3438 оқушы болған).