Қазақстанда 17 ірі көпбейінді аурухана салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 17 ірі көпбейінді аурухана салынады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«2025 жылға дейін перспективалық жоспарларда өңірлердің әкімдіктері мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қолдау арқылы жалпы сомасы 1 трлн теңге болатын 201 жобаның құрылысын жоспарлап отыр. Оның ішінде тозған 61 ауруханалық ұйымның орнына 17 ірі көпбейінді аурухана құрылысын салу көзделген. Ірі жобаларды іске асыру инвестициялық шығындарды өтеумен мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы ұсынылады. Бұл бюджеттік қаржыландыруға балама болып саналады», - деді вице-министр.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бүгінгі күні мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларындағы мемлекеттік міндеттемелердің лимиттері бойынша жергілікті атқарушы органдар 161 млрд теңге сомасында немесе барлық салалар бойынша көзделген жалпы сомадан 17 пайызға міндеттемелер алды.

«Осылайша экономиканың барлық секторына мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша өңірлердің мемлекеттік міндеттемелерінің жалпы қалдығы 801 млрд теңгені құрады. Бұл денсаулық сақтау секторының қажеттілігін жаппайды», - деді А.Цой.

Соңғы жаңалықтар