Қазақстанда 17 қазанда Рухани келісім күні атап өтіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 17 қазанда Рухани келісім күні атап өтіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов айтты.

Қазақстанда 17 қазанда Рухани келісім күні атап өтіледі

«17 қазанда 12 елдің қатысуымен Рухани келісім күні атап өтіледі. Алдағы уақытта қатысатын мемлекеттердің саны одан да өсуі мүмкін. Негізінде бұл шара - Рухани келісім күніне арналған Дүниежүзілік халықаралық форумның отырысы. Мұндай форум біздің елімізде 1992 жылдан бері Төлеген Мұхамеджановтың қатысуымен өтіп келеді. Оған көптеген елдердің өкілдері қатысады және қоғамда үлкен резонанс туғызады деп ойлаймын», - деді ол.