Қазақстанда 18 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 18 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

АСТАНА

Сағат 9:30-да «St. Regis Astana» отелінде «Бірлікке барар жолда» атты Жібек жолына қатысушы елдердің халықаралық форумы өтеді.
Сағат 10:00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы басталады.

Сағат 14:30-да Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің үздік тәжірибесі Республикалық орталығының базасында «Primary Health Care» Ұлттық Қауымдастығының» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігінің ашылуы болады. Шарада мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық ұйымдардың, кәсіби үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, аурухана басшылары бас қосады.

Сағат 15:00-де Сенатта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің қатысуымен «ҚР-дағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» заңды жүзеге асыру мәселелері талқыланады.

Сағат 15:00-де Сенатта экономикалық саясат және инновациялық даму комитетінің «Стандарттау туралы» заң жобасын талқылауға арналған отырысы басталады.

Сағат 16:00-де Есеп комитетінің жанындағы кеңесшілік-сарапшылық кеңестің отырысы өтеді.

Сағат 18:30-да Қазақ КСР Халық әртісі Болат Аюхановтың 80 жылдығы ме Мемлекеттік академиялық би театрының 50 жылдығына арналған мерекелік кеш өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10:00-де «Атакенттегі» 10-павильонда «Көлік нарығы мен Логистика» тақырыбындағы тұңғыш Халықаралық конференция басталады.

Сағат 11:00-де Интерфакста Knowledge Partners халықаралық білім беру жобасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 11:00-де Алматының ЖОО ректорлары Қазақстан Президентінің «Жоғары білімнің сапасы мен оған қолжетімділікті арттыру, студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту» бастамасын жүзеге асыру аясында көшпелі кеңес өткізеді.

КӨКШЕТАУ

Сағат 15.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы Дина Ахметжанованың қатысуымен «Мемлекет экономикасына бейресми жұмыспен қамтылған халықты ұйымдастырылған іс шараларға жұмылдыру және рәсімдеу жоспарының жүзеге асырылуы» атты брифинг өтеді.

ҚЫЗЫЛОРДА

Сағат 16:00-де Қызылорда облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде Жаңақорған ауданының 90 жылдығына орай аудан әкімі Ғалым Әміреевтің баспасөз мәслихаты өтеді. 

Соңғы жаңалықтар