Қазақстанда 18 мамырда өтетін маңызды шараларға шолу
НҰР-СҰЛТАН
Сағат 9.00-де Халықаралық қаржы орталығында I Халықаралық бизнес форумы өтеді. Шараға Астана ХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қатысады.
Сағат 10.00-де «Қобыз» сарайында «Қыздарға, ата-аналарға, педагогтарға арналған интернет қауіпсіздігі» атты ашық қалалық конференция өтеді. Ата-аналарға жасөспірім қыздардың жас ерекшеліктері бойынша ақпараттық материалдар және қауіпсіз орта құру бойынша кеңестер беріледі.
Сағат 11.00-де «Egemen Qazastan» газетінің 100 жылдығына орай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен 100 көшет отырғызу сенбілігі өтеді.
Сағат 12.00-де «Trust» бизнес-орталығында танымал блогерлердің қатысуымен жыл сайынғы Smart Mama Day сессиясы өтеді.
Сағат 18.00-де Ұлттық музейде ҚР Ұлттық музейінің 5 жылдығына орай Халықаралық музей күніне арналған «Музей түні» акциясы өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 10.00-де ҚазҰАУ-да О. Сүлейменовтің туған күніне орай «Олжас - бейбітшілік адамы» атты іс-шара өтеді.
Сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ақын Олжас Сүлейменовтің туған күніне арналған шығармашылық кеш өткізіледі.
Сағат 16.00-де С.Сейфуллин атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында Ә. Қастеев көрмесі ашылып, онда «Қазақстанның акварелі: Кеше және бүгін» каталогының тұсаукесері өтеді.
Сағат 18.00-де атындағы Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында «Опера-Арнау» атты салтанатты концерт өтеді.
АҚТӨБЕ
Сағат 11.00-де «Жастар» сарайының конференц залында (Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ) ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары К.Петровтың төрағалығымен семинар-кеңес өтеді. Оған Ақтөбе қаласы және аудан әкімдерінің аппарат басшылары, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары және хатшылары қатысады.