Қазақстанда 1,8 млн гектардан астам аумақ шегірткеге қарсы өңделді

шегіртке
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан аумағында шегіртке зиянкестерінің таралуына байланысты жағдай Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы Қазақстан аумағында 2,5 млн га алқапта үйірлі шегірткелердің таралуы болжанды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

26 маусымдағы жағдай бойынша 1,8 млн гектардан астам аумақ қорғау шараларымен қамтылды. Оған 2500 адам тартылды, 427 арнайы бүріккіш техника қолданылуда.

Мамандардың мәліметінше, қолданылатын препараттардың тиімділігі 85%-ды құрайды.

Ақтөбе облысында италия прусы мен азиялық шегірткеге қарсы қорғаныс іс-шаралары барлық 12 ауданда жүргізілуде.

Бүгінгі таңда өңдеуге жоспарланған 784 мың гектардың 540 мың гектарында жұмыстар аяқталды, 74 техника жұмылдырылған.

Түркістан облысында химиялық өңдеу аяқталды, марокколық шегірткеден 366 мың гектар жер өңделді. Жаңадан анықталған қосымша ошақтар тазартылуда.

Қостанай облысында итальян прусы мен азиялық шегірткеге қарсы 409 мың га өңделді. 130 қызметкер тартылды. 55 техника пайдаланылуда. Іс-шаралар жалғасуда.

Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша өңірде Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімов жүр.

Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар, Абай облыстарында 505 мың га өңделген.

Шаруалар өңдеуге қолдау көрсетуде: атап айтқанда, су жеткізуге көмектеседі, шегіртке зиянкестерінің шоғырлану орындары туралы хабарлайды.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында химиялық өңдеулер жүргізу өңдеуге жататын алқаптардың анықталуына қарай басталады.

Жағдай тұрақты, мониторингтік зерттеулер жалғасуда. Қорғаныс іс-шараларын уақтылы жүргізу үшін препараттар мен техника жеткілікті.

Шекара маңындағы аумақтардағы жағдай бақылауда.

АШМ уақтылы қорғау іс-шараларын ұйымдастыру бойынша түбегейлі шаралар қабылдануда.

«Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын жалған мәліметтерге сенбеуге және тек ресми дереккөздерден алынған ақпаратты басшылыққа алуға шақырамыз»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар