Қазақстанда 183-ші «Ауыл құтқарушылары» өртке қарсы бекеті ашылды
АСТАНА. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Троицкое ауылында 183-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы бекеті пайдалануға берілді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Жаңа бекет 700-ден астам адам тұратын Троицкое және Орталық ауылдарын өрттен қорғауды қамтамасыз етеді.
183-ші «Ауыл құтқарушылары» бекеті ауыл шаруашылығы тауар өндірушісінің базасында құрылды.
— Реновация барысында диспетчерлік, ас үй, жатын бөлме, киім ауыстыратын бөлме, санитарлық торап және гараж қарастырылған. Нысан электр, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі және жылыту сияқты барлық қажетті коммуналдық жағдайлармен қамтамасыз етілген, — делінген хабарламада.
Бөлімшені жарақтау үшін департамент өрт сөндіру автоцистернасын, өрт-техникалық жарақтарды, жабдықтар мен байланыс құралдарын берді.
Еріктілер тәулік бойы кезекшілік атқарып, төтенше жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз етеді.
Бекеттің ашылуы шақыру орнына жету уақытын едәуір азайтуға, өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және ауылдық елді мекен тұрғындарын сенімді қорғаумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осыдан бұрын СҚО-да ауылдағы жаңа өрт сөндіру пункті маман жоқтығынан жабық тұрғанын жазған едік.