Қазақстанда 19,7 мың тонна балмұздақ өндірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы 5 айда Қазақстанда 19,7 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілді. Өткен жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда бұл 38,1% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Қазақстанда 19,7 мың тонна балмұздақ өндірілді

Жалпы 2022 жылы Қазақстанда 41,3 мың тонна балмұздақ өндірілді. Осы ретте 9,2 мың тонна өнім импортталған, сырттан әкелінетін өнімнің үлес салмағы – 18,3%. Өзге елдерден балмұздақ жіберетін елдердің алғашқы үштігіне Ресей (5,6 мың тонна), Қырғызстан (2,1 мың тонна) және Түркия (911,5 тонна) кіреді. Сондай-ақ өткен жылы балмұздақ Беларус, Украина, Бельгия, Франция, Италия, Швейцария және Кореядан әкелінді.

«Өткен жылдың 12 айында 5 мың тонна балмұздақ экспортталды. Қазақстаннан өнім ТМД елдеріне (4,9 мың тонна), сондай-ақ Моңғолияға (72,6 тонна) жіберілген», - деп жазды ведомстводан.